«Келер жылы – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Ол экономикалық әрі саяси реформалар, цифровизация, адам құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту, экологияны қорғау ұранымен өтуі керек. Қазір осынау маңызды тарихи датаға орай көптеген салтанатты шара өткізетін уақыт емес. Біз маңызды істерді ұзаққа созбай, қысқа мерзімде нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз керек», – деді Президент.