Кітапхана жастар үнімен
Кітапхана жастар үнімен
507
оқылды

«Рухани құндылықты насихаттаудағы кітапхананың рөлі» республикалық семинары өтті.

Қазақстан Республикасының Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында 2019 жылдың 22-24 қазан аралығында «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығында Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасымен бірлесіп «Рухани құндылықты насихаттаудағы кітапхананың рөлі» тақырыбында мектеп кітапханашылары мен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің кітапхана әдіскерлеріне әдістемелік көмек беру мақсатында Республикалық семинар өткізілді. Семинарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы, «Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы қаласы және Атырау облысы бойынша филиалдары, Назарбаев Зияткерлік мектептері мамандары мен республиканың жалпы білім беру мекемелерінің кітапхана меңгерушілері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің кітапхана ісі жөніндегі әдіскерлері қатысты.Семинар бағдарламасы бойынша пленарлық отырыс, әдістемелік секция жұмыстары мен Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ, Назарбаев Зияткерлік мектептері мамандарының шеберлік – сыныптары мен тренингтері, Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Әл-Фараби кітапханасына экскурсия өткізілді.Пленарлық отырыс барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми педагогикалық кітапханасының директоры Насырова Айман Әлиқызы «Азаматтықты, патриотизмді, әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудағы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын іске асырудағы мектеп кітапханасының рөлі», М.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Ақыш Нұрдәулет Бабиханұлы «Насихаттаудың лайықты формаларын қарастыру мәселелері», «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғам филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық кызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кітапхана ісі бөлімінің бастығы Маева Гульсара Жаденқызы «Заманауи кітапхана жағдайында рухани құндылықтарды жүзеге асыру жолдары», «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы акционерлік қоғам филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімінің кітапхана ісінің бас маманы Қарабалаева Назерке Алимбайқызы «Қазақстан кітапханашыларының қазіргі жағдайы және өзекті мәселелері» сынды тақырыптарда баяндамалар оқылып, ұлттық құндылықтарды дамытудағы кітапхана рөлін талқылады. Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана директоры А.Ә.Насырова қатысушылардың өздерін толғандырған сұрақтарына жауаптарын берді.

Пленарлық отырыстан кейін кітапханашылар Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасына, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әл-

Фараби кітапханасына саяхатқа аттанды. Семинарға қатысушылар руханият игілігі жолындағы еңбегі мен кітапхана саласының дамуында жасалып жатқан тәжірибелерімен бөлісті.

Екінші күні секция жұмыстары өткізілді. Секция жұмыстары барысында «Ақпараттық сауаттылық және оны мектепішілік ортада қалыптастырудың әдістемелері» және «Кітапханада ақпараттық сауаттылықты дамыту түрлері» сынды тақырыптар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің аға педагог-кітапханашыларымен талқыланып, қатысушыларға тиімді әдістемелер ұсынылды.

Семинар барысында қатысушылардың орталықпен танысу экскурсиясы, өзара танысып, бір ортаға бейімделу мақсатында танысу кеші, «Жастар» педагогикалық тобының концерті, «Білгір кітапханашы» зияткерлік ойыны өткізілді. Сайысқа қатысушылар мен жеңімпаздарға дипломдар табыс етілді. Семинарға қатысушылар алғыс хат, сертификаттармен марапатталды.

Адия Каиржанова