Циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады, жел күшейеді, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында ғана солтүстік-батыс антициклонының әсерінен күн ашық болады.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, жел қарқыны 25 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады.
Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын көтеріледі.
Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Түркістан, таңертен және күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 17-22 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.