Ғарышта зерттеу жүргізген ғарышкерлер Жерге оралды.
NASA және «Роскомостың» ғарышкерлері Крис Кэссиди, Иван Вагнер мен Анатолий Иванишин ғарыштағы зерттеу жұмыстарын 21 қазанда аяқтаған болатын. «Союз МС-16» басқарылатын ғарыш кемесінің жерге қонушы аппараты Жезқазған қаласының оңтүстік-шығысына қарай далаға қонды. «Роскосмостың» хабарлауынша, ғарышкерлер пандемияға байланысты қошемет көрсетілмеді. Ресейдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстаннан тездетіп өз елдеріне қайтарылды.2020 жылғы 22 қазанда Нұр-Cұлтан уақыты бойынша сағат 05:32-де Халықаралық ғарыш станциясында түйіскен «Союз МС-16» басқарылатын көлік кемесі экипажының мүшелері 08:54:12-де жерге аман-есен оралды.«Роскосмос» ғарышкерлері Иван Вагнер, Анатолий Иванишин және NASA астронавты Крис Кэссиди бар «Союз МС-16» басқарылатын ғарыш кемесінің аппараты қазақ даласына қонды. Олардың ұшу ұзақтығы 196 тәулікті құрады. Экипаж жұмысы барысында ресейлік ғылыми бағдарлама (медицина, ғарыштық биология, биотехнология, физика-химиялық процестер және т. б.) бойынша ғылымның түрлі салаларынан ондаған эксперименттер жүргізілді», – деп хабарлады «Роскосмос».