«Окарем-Бейнеу» газ құбыры күрделі жөндеуден өтті
«Окарем-Бейнеу» газ құбыры күрделі жөндеуден өтті
270
оқылды

«ҚазТрансГаз» АҚ Ұлттық операторының еншілес кәсіпорны «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Окарем-Бейнеу» магистральдық газ құбырының 692-999,8 км учаскесін күрделі жөндеуді аяқтады,– деп хабарлайды «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі.

Бұл стратегиялық жағынан маңызды объект, Маңғыстау облысының елді мекендеріне және өндірістік объектілеріне, соның ішінде Ақтау қаласына тұрақты түрде газ жеткізіп беру осы құбыр жұмысына байланысты. Сонымен қатар, магистраль өңірдің бүкіл тұрмыс-тіршілігіне жауапты облыстың ең негізгі кәсіпорны «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС-ын газбен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні Маңғыстау облысы табиғи газды пайдалану жағынан елдің бүкіл ішкі нарығында ең жоғарғы көрсеткішке ие екендігін атап өту керек. Тек өткен жылдың өзінде ол 2,5 млрд текше метр газды немесе ішкі нарықтың барлық тұтынуының 19%-ын құрады.

Газ құбыры 40 жылдан астам уақыттан бері пайдаланылып келеді, оның Қазақстан аумағы бойынша ұзындығы 472,8 км. Магистральдың ұзақ уақыт жұмыс істеуі біртіндеп істен шығу тәуекеліне алып келді, соның салдарынан металл мен дәнекерлеу байланыстарының беріктілік сипаттамаларына кері әсерін тигізді.   

«Окарем-Бейнеу» МГҚ стратегиялық объектісінің аса маңыздылығын ескере отырып, өте қысқа мерзімде, небәрі 19 күн ішінде күрделі жөндеу жүргізіліп, 187 ақаулы (тозығы жеткен) құбыр секциялары ауыстырылды. Сондай-ақ «Бейнеу» АГТС-ке, «Төлеп» АГТС-ке тармақтар ойып жалғанды және газ құбыры учаскесі автомобиль жолдарының екі өтпесінің астына салынды.