Тірі туған сәби алты сағат бойы мәйітханада жатты
Тірі туған сәби алты сағат бойы мәйітханада жатты
5,204
оқылды

Тірі туған сәбиді дәрігерлер өлі туған деп ойлап, алты сағат мәйітханада ұстаған, деп жазады Daily Mail.

Мексиканың Пуэбла-де-Сарагоса атты қаласында жаңа туған баланы мәйітханадағы тоңазытқышта салып қойған.

Сәби жүктіліктің 23 аптасында дүниеге келген. Дәрігерлер бала қозғалмаған соң өлі туған деп ойлаған. Содан соң баланы мәйітханаға апарып, тоңазытқышқа салып қойған.

Алты сағат өткен соң келген жерлеу агенттігінің қызметкерлері ұл баланың тірі екенін көріп, таң қалған.

"Сәбидің тоңазытқышта болған кезде қалай өліп қалмағанын түсінбедім", — деді олардың бірі.

Сәбиге дереу медициналық көмек көрсетіліп, жаңа туған балаларға арналған сауықтыру бөліміне жеткізді. Аурухана басшылығы болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады.