Аустралияда жағажайға Бораттың мүсіні қойылды
Аустралияда жағажайға Бораттың мүсіні қойылды
223
оқылды

Сиднейде (Аустралия) «Борат» фильміндегі Борат Сағдиев атты кейіпкерге арналған мүсін орнатылды, -деп жазады  Independent.

Мүсін жаңа фильмді жарнамалау аясында жасалған және жағажайда 24 сағат тұрады.

Сонымен қатар бетке тағатын масканы белдеріне дейін киіп алған Боратқа ұқсас егіздердің шеруі өткізілді. Бұл флешмобта қазақстандық ту көп болды.

Флешмоб пен мүсіннің орнатылуы   — «Бораттың» екінші бөлімін көрсету алдындағы таныстыру шарасы. Еске сала кетейік, бұған дейін «Дикий Арман» лақап атымен танымал болған Арман Жұмагелдиевтің инстаграмдағы парақшасында жарияланған Боратқа қатысты жазбасы әлеуметтік желіде кеңінен талқыланғанын жазған болатынбыз.