Жатақханалардың жай-күйі мен санитарлық жағдайы бақылауда
Жатақханалардың жай-күйі мен санитарлық жағдайы бақылауда
450
оқылды

Әлемдегі болып жатқан қазіргі жағдай студенттердің оқу форматына өзгеріс ен­гізгені анық. Десе де, жа­тақхана мәселесі ешқашан өзектілігін жоғалтқан емес. Еліміздің әр аймағындағы университет пен колледж жа­тақханаларының жағдайына мониторинг жүргізілуде.

Қазан айының 22-сі мен 29-ы аралығында университет пен колледж жатақханаларының жағдайына кезекті мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда. «Jas Otan» Жастар қанаты об­лыстық филиалының төрағасы Ғабит Хафиздың жетекшілігімен мониторинг тобы Павлодар мем­лекеттік педагогикалық универ­ситеті жатақханасына барды. ПМПУ-нің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жө­нін­дегі проректоры Мақсат Нығымановтың айтуынша, жа­тақ­ханаларда санитарлық нор­малар сақталған және сту­дент­терге кварц-шамдары беріл­ген. Күніне бір рет бөлмелерін залал­сыздандырып отырады. Жалпы, университет қабырғасын­да 4 500 студент күндізгі, сырттай білім алады. Оның 900-ге жуығы жатақ­ханада тұрады. Жатақ­ха­наларда барлық жағдай жасалған, бұдан бөлек ерекше оқу қажетті­ліктері бар жастар үшін де бөл­мелер қа­рас­тырылған. Айта кетейік, науқан бары­сында өңіріміздегі барлық жа­тақханаларда мониторинг жүргізу жоспарланып отыр. Орал қаласында да «Jas Otan» Жастар қанаты мен партиялық бақылау комиссия мүшелері жа­тақханаларға тексеріс жұмыс­тарын бастады. Аталмыш шара аясында қала мен облыс аумағын­дағы жатақханалардың жай-күйі мен санитарлық жағдайы, тұр­мыстық мүмкіндіктері сарала­нады. Сондай-ақ өткен жылы өткізілген мониторинг нәтиже­сінде анықталған кемшіліктер мен олқылықтардың жойылуы бақыланады. М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университетінің жатақханасына да мониторинг жүргізіліп, партиялықтар сту­денттердің тұру шарттарымен танысты. Айта кетейік, студент жастардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына мониторинг Qutty meken партиялық жобасы аясында жүргізілді. Арнайы мониторинг тобының өкілдері университеттің 180-ге жуық адам тұратын екі жа­тақ­ханасына барды.
– Мониторинг тобы мүшелері жатақханаларда тұру жағдайымен танысты, бөлмелердің, оқу залда­рының, кір жуу орындарының, асүйлердің және санитарлық то­раптардың жай-күйін қарап шық­ты. Қазір ЖОО жатақханасына қабылдау университеттің ресми сайты арқылы электронды түрде жүзеге асырылады. Бұл тетікті енгізу бюрократиялық кідірістер мен сыбайлас жемқорлық тәуе­келдерін толығымен жояды, – деп атап өтті «Nur Otan» партиясының «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Александр Зель.
Мониторинг барысында пар­тиялықтар студенттердің сани­тарлық-гигиеналық нормаларды сақтау жұмыстарымен танысты. Жатақхананың әр қабатында санитайзерлер орнатылған, жас­тар арасында болуы мүмкін ауру­ларға арналған изоляторлар бар. Сондай-ақ олар интернет бай­ла­нысының сапасы мен инфра­құрылымның қолжетімділігін ба­ғалады. Барлық жатақханалар ішкі және сыртқы бейнетіркеумен, өрт сөндіргіштермен жабдық­талған. Нұротандықтардың пі­кірінше, бұл шаралар универ­си­теттің студенттік кампусының ау­мағында қауіпсіз тұруды қам­тамасыз етеді.
– Мониторинг қорытындысы бойынша, бұзушылықтар анық­талған жоқ. Біз студенттермен сөйлестік, олардан да шағым түс­кен жоқ, барлығы қанағат­тан­дырылды, – деді Александр Зель.
Айта кетейік, ЖОО-да Сall-ор­талық өз жұмысын жалғас­ты­руда, оған оқу-білім беру қызмет­терін ұсынумен байланысты бар­лық өтініш келіп түсуде. ЖОО-ның Әлеуметтік және тәрбие жұмысы департаменті мәдени-тәрбие және профилактикалық іс-шаралар кешенін жүзеге асырады, халықтың әлеуметтік осал топтарынан келген сту­денттерге көмек көрсетеді.

Әбілмансұр ЖАСАН