Мектептің қысқы маусымға дайындығы тексерілді
Мектептің қысқы маусымға дайындығы тексерілді
604
оқылды
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы «Ба­қыт­ты отбасы» жобасы аясында Ақтау қаласындағы орта мек­тептердің қысқы маусымға дайындығына мониторинг жүргізді. Аталмыш мониторинг жұмы­сына арнайы комиссия мүшелері, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары З.Есбергенова, Маң­ғыстау облыстық Білім бас­қар­масы басшысының орын­ба­сары А.Тұржанова және қоғам белсенділері А.Дүтбаева, А.Сүгір­бай және тағы басқалары қатысты. Мониторинг барысында ко­миссия мүшелері оқу каби­не­тін­дегі жылу жүйесін қарап, мектеп басшылығына түсіндірме жұмыс­тарын жүргізді. Жылу жүйесіндегі бірнеше ақаулықтарды анықтап, бір апта ішінде қалыпқа келтіруді тапсырды. Аталған мектептерді бір аптадан кейін арнайы ин­женер мамандардың қатысуымен қайта мониторинг жүргізілетінін атап өтті. «Бақытты отбасы» пар­тиялық жобасы аясында қала және аудандарда да мониторинг жалғасын табады.

Әбілмансұр ЖАСАН