Жүйелі жұмыс нәтижеге бастайды
Жүйелі жұмыс нәтижеге бастайды
249
оқылды
Әлемді жайлаған пандемия бар саланың жұмысына кері әсерін тигізіп тұр. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы бәсеңдемеуі үшін қарқынды жұмыс керек. Сол мақсатта «Nur Otan» партиясы өкілдері жер-жерде әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, кешеуілдеген кей нысандардың тамырына қан жүгіруіне септігін тигізуде. Алматы облысы Алакөл ауда­нына қарасты Үшарал қаласында 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы осы пандемия салдары­нан кешеуілдеп қалды. Өткізілетін уа­қытынан асып, жұмысында тұралау байқалған нысан басына «Nur Otan» партиясы Алакөл аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Көкебаев пен аудандық мәслихат депутаты Совет Қарабеков барды. Баспана мәселесі Үшарал қала­сында да өзекті. Тұрғындардың құ­­рылыс жұмысына алаңдау­шы­лығын аңғарған партия өкілдері бас мердігер «СпецМетсСтрой» ЖШС-ның бас­шылығымен жолықты. Бүгінде құ­рылыс басында жұмыс күші жеткі­лікті. Техника да баршы­лық. Құры­лыс материалдары да уақытында жет­кізіліп тұр. Жұмыс кес­теден ауыт­қымай, тиісінше жүр­гізілуде.
 – Аудан тұрғындары үшін ғана емес, еліміз бойынша баспана мәсе­лесі өзекті. Үшарал қаласының тұр­ғындары 60 пәтерлі көпқабатты тұр­ғын үй салынып жатқанына разы. Бірақ нысанның жұмысы сиыр­құ­йым­­­шақтыққа салынбай, уақы­тында бітуі тиіс. Рас, пандемия бар саланың жұмысына тұсау болды. Айтқанға сылтау табылады. Олай болған күннің өзінде тіршілік бір орында тұрған жоқ қой. Уақыт ен­шісін тиімді пайдаланып, жұмысты жүйе­легенде нәтиже болады. Нысан уақытында берілуі тиіс, – деді Қайрат Көкебаев.
Мердігер мекеме басшылығы тұрғын үйдің құрылысы уақытында бітетінін айтты. Кестеден ауытқымау үшін мардымды жұмыс істеп жат­қанын тілге тиек етті.

Әбілмансұр ЖАСАН