Серпін берген «Сяншань»
Серпін берген «Сяншань»
212
оқылды

Қазақстан Қорғаныс ми­нис­трі­­­­нің Қытай Халық Рес­пуб­­ли­ка­сына жұмыс сапары жал­ғасуда. Н.Ермек­баев «Сян­шань» қа­уіп­сіз­дік мәселелері бо­йынша IX Бей­­жің форумын­да сөз сөйледі.

Форумның пленарлық оты­ры­сын­дағы баяндамасында қорға­ныс ведомствосының басшысы қару-жарақ пен жаһандық қауіп­сіз­дікті халықара­лық бақылау жүйе­сіне қатысты ой-пікірін айтты.

«Тәуелсіздік жылдарында елі­міз көршілік пен ынтымақ­тас­тық бел­деуін құрды, Азиядағы сенім шара­лары мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес­тің құрылуына бас­тама таныт­ты, ШЫҰ құрыл­тай­­шыларының бі­рі­не айналды. Азияның қауіпсіздігін қам­тамасыз ету жолдарын кіріктіру жө­ніндегі жұ­мысты біртұтас етіп жал­ғас­ты­руды қажет деп санаймыз. Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаев айт­­қан­дай, «Бүгін біз өкінішке қа­рай, әртүрлі екіжақты альянстардың, өңірлік және субөңірлік институт­тар­­дың алуан түрін көріп отыр­мыз» деді ол.

Министр ғарышта, Әлемдік мұхит пен Арктикадағы бейтарап суларда қару-жарақты орналасты­ру­ға тыйым салу туралы «Әлем. ХХІ ғасыр» ма­ни­фесінде атап өтіл­ген Елбасы бастама­сы­ның ма­­ңы­зын, сондай-ақ жаппай жою қаруы­ның жаңа түрлерін құру үшін ғы­лыми жаңалықтарды пай­да­ла­ну­ға тыйым салу туралы атап өтті.


«Өңірлік және жаһандық тұрақ­ты­лық көбінесе келісілген іс-қи­мылымызға байланысты бола­ды. Сон­дықтан бірлескен ше­­шімдерді із­дестіру және теріс үрдістер мен қауіп-қатерлерге тойтарыс беруді те­реңдету қажет», – деп Нұрлан Ермек­баев ойын түйіндеді.

Қытайға жұмыс сапары бары­сын­да министр қытайлық әріптесі ҚХР Ұлттық қорғаныс министрі, генерал-полковник Вэй Фенхэ­мен кездесті.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери саладағы екі­жақ­­ты ынтымақтастық бағыт­та­рын, бір­лескен оқу-жаттығуға қа­­тысу, кадр дайындау, сондай-ақ әскери-техникалық өзара іс-қи­мыл­­ды тал­қылады. Министр қы­тай­лық әріп­тесіне Бейжің фору­мы­на қатысуға ша­қырғаны үшін алғыс білдірді.

Одан басқа, Қорғаныс ми­нистрі CATIC қытай ұлттық аэро­­ғарыш им­порт­тық-экспорт­тық корпорация­сына және қо­сал­қы бөлшектерді сақтауға арналған авто­маттанды­рылған қоймаға барды.