Елордада өткен матчта Надаль Джоковичті жеңді
Елордада өткен матчта Надаль Джоковичті жеңді
356
оқылды

Нұр-Сұлтандағы «Барыс Аренада» әлемнің үздік теннисшілері испан Рафаэль Надаль мен серб Новак Джокович арасындағы тартысты бәсеке аяқталып, Рафаэль Надаль қайырымдылық матчының жеңімпазы атанды.

Екі кезеңнен тұрған кездесудің біріншісінде Надаль басымырақ түсті (6:3), ал екіншісінде Джокович ширақ қимылдады (6:3). Ойын қорытындысы 11:9 көрсеткішімен аяқталып, испан жеңіске жетті.


Атап өтерлігі ойынды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Nur Otan партиясының төрағасы Бауыржан Байбек, Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин, премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, елорда әкімі Алтай Көлгінов, сондай-ақ танымал бизнесмендер Болат Өтемұратов, Тимур Күлебаев, Нұрлан Смағұлов келіп тамашалады.

Әлемнің бірінші және екінші ракеткалары саналатын серб Новак Джокович пен испан Рафаэль Надаль Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан көрме матчына келді. Матчтан түскен қаражат қайырымдылыққа беріледі. Сапар барысында теннисшілер Елбасы Н.Назарбаевпен, мемлекет басшысы Қ.Тоқаевпен кездесті. Сондай-ақ балаларға теннистен шеберлік сыныбын жүргізді.