Алматыда жолға жүгіріп шығып, көлік астына түскен баланың жағдайы қалыпқа келді
Алматыда жолға жүгіріп шығып, көлік астына түскен баланың жағдайы қалыпқа келді
192
оқылды
Алматы дәрігерлері жолға жүгіріп шығып көлік астына түсіп қалған баланың денсаулығы туралы айтты. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, бала көлік қаққан кезде есінен танып қалған. "2015 жылы туған бала жол апатынан ұшырап 24 қазанда ауруханаға жеткізілді. Соққы болған кезде бала есінен танып қалған. Соны ескере отырып баланы анестезия, жан сақтау бөліміне жатқыздық. Қазір жағдайы қанағаттанарлық. Бөлімшеге ауысты",- деді басқармадан. Айта кетейік, жол апаты сенбі күні Түрксіб ауданында болған. Жол шетінде тұрған бала анасынан сытылып шығып, қара жолға жүгіргенде оны көлік қағып кетті.