Халық жазушысы Еңбек Ері атанды
Халық жазушысы Еңбек Ері атанды
320
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті қаламгер Әбдіжәмил Нұрпейісовке Еңбек Ері атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды.

Ә.К.Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.  Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының Президенті:                     Қ.Тоқаев

 Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 26 қазан