Мұрны, көзі және бас сүйегінің бір бөлігі жоқ бала дүниеге келді
Мұрны, көзі және бас сүйегінің бір бөлігі жоқ бала дүниеге келді
243
оқылды

Бұл жайында BBC хабарлайды. Бала 7 қазан күні Португалияның Сетубал қаласында туған екен.

Акушер Артуро Карвалью немқұрайлық танытқаны үшін қызметінен шеттетілген. Бұған дейін де бұл акушергеқатысты кемінде 6 рет шағым түскен.

«Родриго есімді баланың анасы үш рет УДЗ жасатқан, бірақ ұрықтың жағдайы туралы дәрігер ештеңе айтпаған. Жүктілік кезінде әйел 5D-УЗИ жасағанда, оған баланың дамуы дұрыс жүріп жатпағаны хабарланған. Бірақ дәрігер Карвалью ата-анасына алаңдайтын себеп жоқ екенін, кейде УДЗ кезінде баланың беті толық көрінбейтінін айтқан», деп жазады басылым.

Сөйтіп, дәрігерлер бала бір аптадан артық өмір сүрмейтінін айтқан. Алайда бала әлі тірі, ауруханада жатыр.

«Бұған дейін де Карвалью есімді дәрігерге арыз-шағымдар түскен. Олардың кейбірі он жыл бұрын жасалған. Бір жағдайда 2011 жылы бет пішіні өзгерген және миы зақымданған бала дүниеге келген. Қазір ол бала бес жаста және оған бірнеше операция жасалды», деп жазады басылым.