Австралияда туристерге тауға шығуға тыйым салынды
Австралияда туристерге тауға шығуға тыйым салынды
175
оқылды

Анангу тайпасы тауды жергілікті билікке 99 жылға жалға берген екен.

Австралияның ең көрікті жерлерінің бірі саналатын Улуру жартасына шығуға уақытша тыйым салынды.

Бұл жер өңірдің байырғы тұрғындары анангу тайпасы үшін киелі мекен саналады.

Кезінде олар бұл тауды жергілікті билікке 99 жылға жалға берген екен. Кейін мемлекет оны ұлттық паркке айналдырып, аймаққа туристер тарта бастаған.

Сөйтіп, уақыт өте таудың туристер арасында танымал болғаны соншалық оған жыл сайын 400 мың адам келетін болған.

Осыған алаңдаған анангулықтар тауды сақтап қалу мақсатында оған шығуға тыйым салды.