Тікелей эфирде суицид жасайтынын айтқан елордалықты құтқарып қалды (Видео)
Тікелей эфирде суицид жасайтынын айтқан елордалықты құтқарып қалды (Видео)
197
оқылды
25 қазан сағат 22:00 шамасында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына Facebook желісін қолданушылардың бірі хабарласып, белгісіз бір ер адамның көпірден секірмек ойы барын және оны тікелей эфирде көрсетіп жатқанын айтқан. Орталық операторлары ер адамның Сарайшық көшесіндегі көпірде екенін анықтаған. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы аттанған. Полиция қызметкерлері көпір үстінен күйзеліске түсіп, секірмек болған ер адамды кездестірді. Ол полиция қызметкерлерімен әңгімелесіп, әйелімен ажырасып, балаларын сағынғанын айтқан. Тәртіп сақшысы әңгімелесу барысында оны көпірден секірмеуге көндіру үшін тырысқан. Көпірден секірмек болған адамның жанына барынша жақындаған полицейлер оны құтқарудың амалын тауып, қауіпсіз жерге шығарған. 34 жастағы елордалық азамат қосымша тергеу үшін «Есіл» ауданының полиция бөліміне жеткізіліп, оған психологиялық көмек көрсетілген. https://www.youtube.com/watch?v=ZHCHsPclaGA&feature=emb_logo