Google Play дүкенінде гаджет қауіпсіздігіне қауіп төндіретін 42 қосымшаны тапты.
ESET антивирус компаниясының мамандары қауіпті қосымшаларды миллиондаған қолданушы жүктегенін айтады. Олар негізінен музыкалық ойнатқыштар, радио, видео және жазбаларды жүктеуге арналған бағдарламалар.Көптеген вирусты қосымшаларды мүлде өшіруге келмейді екен, себебі олар ұялы телефон жадында "тығылып қалады" екен. Зиянды бағдарламалар ұялы телефонда біршама орын алып, энергияны мөлшерден тыс пайдаланады.
Оған қоса, алаяқтарға телефон иесі туралы ақпараттарды жібереді.
Google компаниясының қауіпсіздік мәселесіне жауап беретін командасы осы қосымшаларды өшіріп тастаған.
Алайда ESET компаниясының өкілдері бұл қосымшалар басқа да дүкендерде тұрғанын айтады