Ардагермен кездесті
Ардагермен кездесті
363
оқылды

«Jas Otan» Жастар қанатының «Ұрпақтар сабақтастығы» партиялық жобасы аясында РҚБ «Ардагерлер ұйымы» ШҚО филиалының төрағасы Айтқазы Шерубаев Өскемен қала­сының жастарымен кездесу өткізді. 

Аталмыш шара барысында жастар аға буын өкілінің үздік тә­жірибесімен танысып, ұсыныс­тар мен пікір алмасу алаңын ұйым­­дастырды. Ашық әңгіменің алаңына айналған кездесуде олар өздерінің көкейлерінде жүрген түрлі сауалына жауап алды.
– Жастар – еліміздің бола­шағы, ал болашағымыз жарқын болуы үшін аға буын өкілдерінің біздің алаңға келіп, бағыт-бағдар беруі маңызды. «Ұрпақтар са­бақ­тастығы» жобасы жастарға ру­хани білім берді деп айта аламыз. Жастар мен аға буын өкілдерінің кездесуі бүгінгі күні өте маңызды. Себебі жастарға тәрбиелік мәні бар, патриот­тық бағытта, адам­гершілік тақырыбында әң­гіме айту сиреп барады, – дейді шараны ұйымдастырған «Nur Otan» пар­тиясы Шығыс Қа­зақстан об­лыстық филиалы жа­нындағы «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Алмас Айтмұқаш.
Іс-шара соңында жастар бүгінгі кештен жақсы әсер ал­ға­нын, осындай тағылымдық мәні зор кездесулерді жиі өткізу керек екенін ерекше атап өтті.

Әбілмансұр ЖАСАН