Биыл 14 222 пәтердің құрылысы басталды

Биыл 14 222 пәтердің құрылысы басталды

Кездесуде «Nur Otan» пар­тия­сы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бас­шысы Ғалымжан Төлепов және Шымкент қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов тұрғындарды мазалаған бірқатар сұраққа жауап берді.

Бахадыр Нарымбетовтың ай­туы бойынша, тұрғындардан тұр­ғын үй мәселесі бойынша, сұрақ­тар көп келеді. Олардың басым бөлігін «Тұрғын үй кезегі қашан келеді?», «Тұрғын үй бойынша мем­лекеттік бағ­дарламаларға кім қа­тыса ала­ды?» деген сұрақтар алаң­дататыны белгілі болды. Шара барысында тұрғындарға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдар­ла­масы бойынша тұрғын үйлердің құрылысы, тұрғын үйді кредиттік және арендалық негізде алу жол­дары, сондай-ақ басқа да өзекті сұрақтар жайлы ақпарат берілді. Онлайн кездесудің толық бейне­жазбасы «Nur Otan» партиясының Instagram және Facebook желі­лерінде сақталып тұр. Айта кетейік, бүгінде Шым­кент қаласында барлық қаржылық есептен 1 млн шаршы метр, яғни 262 көпқабатты тұрғын үй салыну­да. Демек, 14 222 пәтер құрылысы биыл басталды, бірақ үйлердің біраз бөлігі келесі жылы салынып бітеді. Осы жылдың 9 айлық қо­ры­тын­дысымен 1 416 пәтерлік 20 үй тұр­ғындарға тапсырылды. Қа­зан айында тағы 160 пәтерлік 4 көпқабатты тұрғын үй пайда­лануға берілді.

Әбілмансұр ЖАСАН