Астанада 2 мыңнан астам көлік тұрағы ақылы болады
Астанада 2 мыңнан астам көлік тұрағы ақылы болады
175
оқылды

Қала әкімдігінің мәліметінше,  астанада 487 ақылы паркинг бар. Одан 22 млн теңгеге жуық пайда түскен. Ал көліктерін дұрыс қоймаған 200 мыңға жуық жүргізушіні фото-видеоға түсіріп, шара қолданып, қала бюджетіне 500 млн теңге пайда түскен, - деп жазады 24.kz.

Сондықтан тағы да 5 мың көлік тұрағы ақылы болады.

Бұл мәселеге қатысты «Парковочное пространство Астаны» ЖШС басшысы Шыңғыс Досыбаев: «Қазір біз Есіл, Алматы, Сарыарқа және Байқоңыр аудандарын 5 мың көлікке шақталған тұрақты ақылы жүйеге көшіруге дайынбыз. Бұл адам саны көбейіп келе жатқан қала үшін керек. Себебі, Астанада 1 мың адамға 250 паркинг орыннан келеді. Қазір 1 отбасыда кемі 2 көлік бар. Бұл қалада үлкен кептеліс тудырады. Мәселені қазірден бастап реттеу қажет», ­ – дейді.

Ақылы тұрақтың 1 сағаты – 100 теңге. Ал кешкі 8-ден таңғы 8-ге дейін тұрақ тегін. Демалыс күндері ақысыз.

Айта кетейік, біз бұған дейін «Ақылы тұраққа «ат байлауға» дайынсыз ба?» деп осы мәселені жазған болатынбыз.