ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаев өңірдің еті ел бойынша мақтаулы тағам екенін айтты.
«Көкшетаудың еті үлкен сұранысқа ие екені баршаға белгілі. Біздің өңірдің табиғаты өзгеше, шөбі шүйгін, суы мөлдір. Оны білетіндердің барлығы соғымды бізден алады. Біздің соғым еті барлық аймаққа тарайды, Нұр-Сұлтан мен Қарағандыда, Оңтүстік Қазақстанда да танымал. Шынымен де біздің өңірдің еті дәмді»,– деді Е.Маржықбаев.