Автобус және төрт көлік соқтығысып, 13 адам қаза тапты
Автобус және төрт көлік соқтығысып, 13 адам қаза тапты
5,179
оқылды

Нигерияның солтүстігінде автобус және төрт көлік соқтығысып, 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды жергілікті The Nation Newspaper газеті.

Нигерияның жол қозғалысы қауіпсіздігі федералдық корпусының хабарлауынша, көп жолаушы түрлі дәрежеде жарақаттанған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты Кадуна штатының Джар-мармара кентінің маңында болды. Алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, өзге төрт автомобильмен соқтығысқан.