Шымкент жастары акцияны қолдады

Шымкент жастары акцияны қолдады

Шымкент қаласындағы Меga Planet сауда, ойын-са­­уық орталығында «Менің туым, Менің Отаным!» ке­зек­ті патриоттық акциясы өтті. Ауқымды шара Nur Otan пар­тиясы Шымкент қа­ла­лық фи­лиалы және Jas Otan Жастар қанаты­ның қол­дауымен ұйым­дас­ты­рылды.

Патриоттық акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік туды қо­ғамдық орындарда, сауда және ойын-сауық орталықтарында, жо­ғары және орта арнаулы оқу орын­дарында орналастыру.

Республикалық маңызды ша­рада Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов сөз сөй­леп, айтулы бастаманың маңызды­лы­ғына тоқталды.

– Отанды сүйетініңді сезіну үшін бір сәт мемлекеттік туға қа­рап Әнұранды, патриоттық ән­дерді айту керек. Ондай сәтте елге, жерге деген сүйіспеншілік қа­ныңды тулатады. Осындай игі жо­баны бастағанымызға қуа­ныш­ты­мыз! Мен қала жас­тарын, Шымкент­тегі белгілі сауда орта­лық­тары, оқу орындары осы ак­ция­ны түгелімен қолдап, ары қа­рай жал­ғас­ты­руға шақырамын, – деді Бахадыр Мәдәліұлы.

Акция мемлекеттік туды кө­теру салтанатымен басталып, әнұ­ран орындаумен жалғасты. Оған партия қызметкерлері, Шым­кент қаласының жастары, сту­­денттер белсенді түрде қатыс­ты.

Салтанатты кеш соңында, ұйымдастырушылар тобы Nur Otan партиясының мемлекеттік туды кеңінен насихаттау және қазақстандық жастар арасында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатындағы «Менің туым, Ме­нің Отаным!» патриоттық ак­циясын қолдауға және оны бел­сенді жүзеге асыру үшін атса­лысуға шақырып, келесі кезекті «Мұз сарайы» сырғанақ алаңының қызметкерлеріне жолдады.

Айта кетейік, Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін қа­был­дау процесіне Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі ора­сан зор. Елбасының тікелей же­тек­шілігімен 1992 жылы жаңа мем­лекеттік нышандарды даяр­лау бойынша жұмыс тобы құ­рыл­ды. Сол уақыттан бастап елі­міз­дің мемлекеттік рәміздері Қа­зақстанның табысты дамуының бел­гілеріне айналды.


Әбілмансұр ЖАСАН