Ұлттық банк төрағасы: Табысы аз отбасылар жәрдемақы алса да, қарызы өсіп жатыр
Ұлттық банк төрағасы: Табысы аз отбасылар жәрдемақы алса да, қарызы өсіп жатыр
249
оқылды

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев табысы аз отбасыларға кредит беруді шектеу мәселесінің жуырда шешілетінін айтты.

Оның айтуынша, мұндай шешім қабылдауға жылдық инфляция деңгейі ықпал еткен. Ол сондай-ақ көп пайызбен онлайн қарыз беретін қаржы ұйымдарының мәселесі де шешілетінін айтты. Табысы аз отбасыларға несие беруді шектеуге қатысты: «Олар қазіргі уақытта мемлекет тарапынан жәрдемақы алады. Атаулы әлеуметтік көмекке ие. Бірақ қарыздары да қарқынды өсіп жатыр. Табысы төмен отбасыларға қарыз беруді шектеуді көздейтін жаңа өзгерістерді жақында енгіземіз», — деді төраға.