Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев табысы аз отбасыларға кредит беруді шектеу мәселесінің жуырда шешілетінін айтты.
Оның айтуынша, мұндай шешім қабылдауға жылдық инфляция деңгейі ықпал еткен. Ол сондай-ақ көп пайызбен онлайн қарыз беретін қаржы ұйымдарының мәселесі де шешілетінін айтты. Табысы аз отбасыларға несие беруді шектеуге қатысты: «Олар қазіргі уақытта мемлекет тарапынан жәрдемақы алады. Атаулы әлеуметтік көмекке ие. Бірақ қарыздары да қарқынды өсіп жатыр. Табысы төмен отбасыларға қарыз беруді шектеуді көздейтін жаңа өзгерістерді жақында енгіземіз», — деді төраға.