Әкім Қ.Тоқаевтан көмек сұрады
Әкім Қ.Тоқаевтан көмек сұрады
243
оқылды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан 124 жер учаскесін сатып алуға 9,4 млрд теңге бөлуін тапсыруды сұрады.

«Қазіргі уақытта Үкіметтің қолдауының арқасында қалада 3 жол айрығының құрылысы жалғасуда (Сейфуллин даңғылы – Жансүгірова көшесі, Рысқұлов даңғылы – Емцова көшесі, Бұқтырма көшесі – Құлжа тас жолы) және 3 көшені ұзарту жұмыстары жүріп жатыр. Бізге 2020 жылға арналған республикалық бюджеттен 28,6 млрд теңге қажет. Үкімет 2020 жылға жол айырығының құрылысы мен көшені ұзарту жұмыстарына 17,2 млрд теңге бөліп отыр. Сонымен қатар, жол түсетін жер учаскесін сатып алу мәселелерін алдын-ала шешуге тиіспіз. Осыған байланысты, сізден Қаржы министрлігіне 2020-2021 жылдарға арналған бюджеттік циклды нақтылау кезінде 124 жер учаскесін сатып алуға 9,4 млрд теңге бөлуін тапсыруды сұраймын»,– деді Б.Сағынтаев.

Қала басшысының айтуынша, егер 2021 жылға дейін қаладағы тиісті жерді сатып алынбаса, онда көшелердегі құрылыс жұмыстары тағы да тоқтап қалуы мүмкін.