Қарқаралыда Құнанбай қажы мешіті жөнделді
Қарқаралыда Құнанбай қажы мешіті жөнделді
628
оқылды
Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешітіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының тапсырысы бойынша жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Құнанбай қажы мешіті 1849 жылдан 1853 жылға дейін қазақтың ұлы ақыны Абайдың әкесі Құнанбайдың қаражатына салынған. Бұл ені 15 м, ұзындығы 11 м және биіктігі 6 м екі қабатты ағаш ғимарат, мешітте медресе жұмыс істеді, шәкірттерге арналған жатақхана және молдалар үйі болды. Кеңес заманында мұнара жойылды. Ғимараттың қалған бөлігі мектепке, кейінірек қоймаға айналдырылды. Кейін толығымен қаңырап, қараусыз қалды. 1980 жылдары мешіт қалпына келтіріліп, діндарларға қайтарылды. 1991 жылы Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және қалпына келтіру өндірістік бірлестігінің мамандары ғимаратты қайта жөндеуден өткізді. Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешіті Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енгізілген.