Қазақстан Беларуське мұнай және мұнай өнімдерін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты
«Біз өткен аптада беларусь тарапымен Беларусь Республикасына мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу және толықтай алғанда осы саладағы ынтымақтастық туралы келісімді парафирлеген едік. Негізгі ұстанымдарының барлығы дайын. Жұма күні ел Президентінің тапсырмасымен Мәскеуге барып, әріптесім Новак мырзамен бірқатар мәселе бойынша келіссөз жүргіздім және оған да іс жүзінде Беларусьпен уағдаластыққа қол жеткізгенімді айттым. Енді Белмұнайхим компаниясы біздің компаниялармен келіссөздер жүргізуі қажет. Әзірше жылына 1 миллионнан 3,5 млн тоннаға дейін мұнай және мұнай өнімдері»,– деді ол.
Сонымен қатар министр Ресей тарапы бұл келісімге оң қабақ танытып отырғандығын айтты.