Инкассатордың көлігі өртеніп кетті
Инкассатордың көлігі өртеніп кетті
175
оқылды

Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Әуезов көшесінде отқа оранған көлікті сөндіруге алты өрт сөндіруші мен бір техника жұмылдырылған. Олар өртті сегіз минуттың ішінде ауыздықтады.

«Өрт сөндірушілер жеткен кезде машинаның жанында жүргізуші ғана тұрған, инкассаторлар да, ақша да болған жоқ. «Газель» ашық алаңда өртенген. Төрт шаршы метр аумақта көліктің салоны мен мотор бөлігі толығымен жанып кетті. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр» делінген мәліметте.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына қозғалтқыш бөлігіндегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.