Бүгін ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің санитарлық пост қойылатыны және қозғалыс шектелетіні туралы қаулысы шықты.
Нақтысы, Алматы (1 бекет), Қарағанды (1 Бекет), Павлодар (2 бекет) облыстары, «Ауыл», «Уба» (Шемонаиха ауданы – 1, Бородулиха ауданы – 1) өткізу пункттерінде және Өскемен қаласы бойынша 7 бекет тарапынан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін 13 санитарлық бекет қойылады.
Облыс аумағына кіріп-шығатын жол қозғалысы жергілікті биліктің рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
Айта кетейік, соңғы бір тәулікте Шығыс Қазақстан облысында 205 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталды.