Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан анықталған есірткі қылмыстарының үлесі 3,1%-ті құрайды.
Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев: «Тіркелген есірткі қылмыстарының жалпы санынан есірткіні өткізу фактілері 39,6%-ті ды құрайды. 32 сайт анықталып, бұғатталды», – деді.
Барлығы 42 ауыр қылмыс тіркелді. Оның 77,5% ашылды. Бүгінгі күні заңсыз айналымнан 16 келіден астам есірткі заты тәркіленді. Оның 13 кг 831 гр марихуана, 3,27 гр экстракциялық және 0,91 гр синтетикалық есірткі екені анықталды.