Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан анықталған есірткі қылмыстарының үлесі 3,1%-ті құрайды.Барлығы 42 ауыр қылмыс тіркелді. Оның 77,5% ашылды. Бүгінгі күні заңсыз айналымнан 16 келіден астам есірткі заты тәркіленді. Оның 13 кг 831 гр марихуана, 3,27 гр экстракциялық және 0,91 гр синтетикалық есірткі екені анықталды.Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев: «Тіркелген есірткі қылмыстарының жалпы санынан есірткіні өткізу фактілері 39,6%-ті ды құрайды. 32 сайт анықталып, бұғатталды», – деді.