Астанада тұрғын үйден шыққан өртті сөндіріп жатыр

Астанада тұрғын үйден шыққан өртті сөндіріп жатыр

Алдын ала мәлімет бойынша өрт сағат 11:40-тар шамасында басталған. Төтенше жағдай саласы мамандарының айтуынша, өрт Нұр-Сұлтан қаласындағы Темірқазық көшесінің бойындағы екі қабатты үйде болған.   Анықталғандай, 30 қазанда сағат 11.40-та елордалық өрт сөндіру қызметінің 101 пультіне Нұр-Сұлтан қаласы Шұбар шағын ауданында Темірқазық көшесіндегі екі қабатты коттедждің шатыры және оған жапсарлас уақытша салынған құрылыс жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, өрт орнына сағат 11.47-де өрт сөндірушілер жетті. Өрт 150 шаршы метрді шарпыған. Өртті сөндіруге 19 қызметкер мен 5 бірлік техника жұмылдырылды. Толықтай сағат 12:10-да өрт сөндірілді.