ЕАЭО елдерінің ірі банктері қандай ипотекалық шарттарды ұсынып отыр? Бұл туралы LS сайты жазды.
Қазақстанда жеке тұлғалар тұрғын үй заемын 20 жылға 12% дейінгі мөлшерлемемен ала алады. Оның мөлшері клиенттің несиелік тарихының «тазалығына», сондай-ақ мүліктің (сатып алынған немесе меншікті) жағдайына байланысты.
Ал, Ресейде ең қызықты және қолайлы несие шарттары ұсынылады. Несие 30 жылға дейін жылдық мөлшерлемесі 7,3% -дан 10,9% -ға дейін беріледі. Сонымен қатар, қарыз алушыға берілетін несие сомасы 300 мың рубльден басталады.
Арменияда ипотека мөлшерлемесі жылдық 8% -дан 13% -ға дейін, ал төлем мерзімі 20 жылға есептеледі. Тұрғын үй заемдары үш валюта түрімен беріледі: армян драмы, доллар және евро. Драм бойынша несиенің ең жоғары шегі – 150 миллион, ал доллар мен еурода – 300 мың.
Сонымен бірге, Беларуссияда баспана 20 жылға сатып алынады, тек орташа мөлшерлеме 13,7% құрайды. Бұл елдегі ипотекалық несиенің ерекшелігі – банктер құрылыс компанияларымен серіктесе жұмыс істейді. Осының арқасында тұрғын үй облигацияларын сатып алатын жеке тұлғалар несиені неғұрлым тиімді шарттармен ала алады.
ЕАЭО елдерінің ішінде Қырғызстанда ипотека талаптары қатаң. Атап айтқанда, несие тек бес жылға (егер соммен берілсе) немесе жеті жылға (доллармен берілсе) ұсынылады. Оның үстіне, жылдық мөлшерлеме 17% басталады. Несие алу үшін сіз сатып алынған мүлік құнынан 30% бастапқы жарна төлейсізз. Сондай-ақ, Қырғызстандағы банктер қарыз алушының айлық табысына ерекше назар аударады.
Айта кету керек, бұл деректерде тұрғын үй құрылыс жинақ банкі сияқты басқа қаржы институттарындағы мемлекеттік бағдарламалардың шарттары туралы мәліметтер ескерілмеген.