Шенеуніктерге қаржылық санкция қолданылуы мүмкін
Шенеуніктерге қаржылық санкция қолданылуы мүмкін
5,273
оқылды

Қазақстанда шенеуніктің кірісі-шығысы сәйкес келмесе қаржылық санкция қолданылуы мүмкін. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Алик Шпекбаев осылай деді.

«Агенттік шенеуніктердің кірістері мен шығыстары біршама сәйкес келмеген жағдайда мансаптық және қаржылық санкция қолдануды ұсынады. Мұнымен қоса, агенттік барлық мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілердің декларацияларын жариялауды міндеттеуді жөн санайды»,– деді Алик Шпекбаев.

Агенттік басшысының айтуынша, бұл бастаманы барлық мемлекеттік органдар қолдаған және таяу арада Үкіметтің тиісті қаулысына өзгертулер енгізіледі.