Қазақстандық төреші Токио Олимпиадасының төрешілер корпусына үміткерлер тізіміне енді

Қазақстандық төреші Токио Олимпиадасының төрешілер корпусына үміткерлер тізіміне енді

Дүниежүзілік каратэ федерациясы (WKF) Токио Олимпиадасына төрешілер корпусына үміткерлердің тізімін анықтады. Ресми түрде ұсынылған 14 судьяның ішінде Қазақстан каратэ федерациясының өкілі де бар. Бұл туралы Aikyn.kz тілшісі Taunews.kz сайтына сілтей отырып хабарлайды. Төрт жылда бір өтетін олимпиада төрешілігіне үміткер – ката және кумитэ бойынша толық лицензиясы бар WKF халықаралық санаттағы төреші Асқар Молдағали. "Әрине, бұл жағымды жаңалық, мен үшін ғана емес, бүкіл ұлттық федерация мен жалпы қазақстандық спорт үшін де маңызды деп ойлаймын. Біздің жекпе-жектің төрешілері үшін Олимпиадаға дейінгі іріктеу кезеңінің өткен екі жылы өте мазмұнды және қиын болды. Бірақ барлық мүдделі ұйымдардың – ҰОК, Спорт және мәдениет Министрлігінің, сондай-ақ ұлттық федерацияның қолдауымен, мен барлық лицензиялық турнирлерге қатыса алдым, олардың саны 25 болды. Олимпиадалық іріктеу кезеңі аяқталғанға дейін әлі де көп жұмыс атқарылды, бірақ үмітті ақтауға үміттенемін", - деді Асқар Молдағали. Айта кетейік, үміткерлер тізімінде Асқар Молдағали - ең жас төреші. Халықаралық тәжірибе мен кәсібиліктің арқасында ол өзінің біліктілігін растай алды.