Измирдегі апаттан қайтыс болғандардың саны 62-ге жетті

Измирдегі апаттан қайтыс болғандардың саны 62-ге жетті

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайдың алдын алу және жою басқармасының мәліметінше, ауруханаларға 940 адам жеткізілген.

Оның 722-сін алғашқы медициналық көмектен кейін үйіне қайтарған. Ауруханда  218-і емделіп жатыр. Қираған 8 ғимаратта іздеу және құтқару жұмыстары жүргізілуде. Жер сілкінісінен кейін 947 афтершок болған. Оның 43-інің магнитудасы 4 балдан жоғары болған.

Измир қаласында болған 6,6 балдық жер сілкінісінен кейін бірнеше мемлекет Түркияға гуманитарлық көмек беруге әзір екенін хабарлады.