Халық санағы: 7 миллион есепші елде қанша адам бар екенін анықтайды  
Халық санағы: 7 миллион есепші елде қанша адам бар екенін анықтайды  
5,234
оқылды

Он жылда бір рет өтетін халық санағы биыл 10 желтоқсанда аяқталады, – деп жазады 24.kz.

Халық санағына 7 миллионнан аса есепші жұмылдырылған. Олар тек Қытай азаматтарын ғана емес, елде жарты жылдан аса уақыт тұрып жатқан шетелдіктер туралы да мәлімет жинайды.

Қытай үкіметі халықтың саны, жасы, білім деңгейі мен қызметі жөніндегі деректерді нақтыламақ. Ақпарат жинау үшін электронды әдістер кеңінен қолданылады.

Адамдар өзі туралы мәліметті ұялы телефон арқылы жіберсе де болады.

Айта кетейік, 2010 жылғы халық санағында Қытайда 1 миллиард 340 миллион адам тұратыны анықталған.