Измирде үйінді астында қалған жатқан 3 жасар Элиф Перинчек арада 65 сағат өткен кейін құтқарылды, – деп жазады «Анадолы» агенттігі.
Құтқарушылар қызды ауруханаға жеткізді.
Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) басшысы Мехмет Гюллюоглу баланың аман-есен табылғаны таңғажайып оқиға екенін айтып отыр.