5 қарашадан бастап қатаң карантин енгізіледі
5 қарашадан бастап қатаң карантин енгізіледі
209
оқылды

Ұлыбритания үкіметі Англияда коронавирустың жылдам таралуына байланысты 5 қарашадан бастап 2 желтоқсанға дейін қатаң карантин енгізетін болды.  Бұл туралы елдің премьер-министрі Борис Джонсон хабарлады, - деп жазады ria.ru.

Коронавирустың екінші толқыны басталған соң ел үкіметі Англияда 12 қазаннан бастап үш деңгейлі қатаң карантин жүйесін енгізген болатын (Уэльсте  жұмада 9 қарашаға дейін қатаң карантин енгізілді,  Шотландияда және Солтүстік Ирландияда  да қатаң шектеу шаралары енгізілген).
Адамдар енді мүмкіндігінше үйден жұмыс істеуге мәжбүр, басқа отбасы мүшелеріне бір-бірімен ғимаратта, көшеде кездесуге тыйым салынды.
"Вирус өте жылдам таралып жатыр. Коронавирусты жұқтырғандар саны артып,  өлім-жітім көбейіп барады. Жүктеме көп болған жағдайда дәрігерлер мен медбикелер кімді құтқару, кімді құтқармау керектігін өздері шешетін болады.  Шара қабылдайтын уақыт келді", — деді  Джонсон сенбіде баспасөз конференциясында.