Күйеуін оқтаумен ұрып өлтірген әйел
Күйеуін оқтаумен ұрып өлтірген әйел
229
оқылды

Алматы облысында азаматтық некедегі күйеуін оқтаумен ұрып өлтірді деген күдікпен 55 жастағы әйел ұсталды. Бұл жайында Қазақпарат хабарлайды.

Оқиға Кербұлақ ауданында болған. Сарыөзек ауылының тұрғыны полицияға хабарласып, күйеуінің жан тапсырғанын жеткізген. 

Оқиға орнына жеткен полицейлер 1952 жылғы азаматтың денесі көгеріп, ісініп кеткен. Тіпті үстінде қанды жарақаттар табылған. Тәртіп сақшылары қылмыс болған үйден кісі өліміне қолданылуы мүмкін деген оқтауды табылды.

 «Үй иесі Кербұлақ ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Ол отбасылық жанжал кезінде ішімдік ішіп, масайып алған күйеуін қолмен және оқтаумен сабағанын айтты. Қазір 55 жастағы әйел қамауға алынған. ҚР ҚК 99-бабымен қылмыстық іс қозғалды», – деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қылмыстық істі Кербұлақ ауданының полицейлері тергеуде.