Венадағы терактіден зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ
Венадағы терактіден зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ
187
оқылды

«2 қараша күні кешке Австрия астанасы Вена қаласында белгісіз адамдар оқ атты. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметі бойынша қаза тапқандар мен жарақаттанғандар бар. Австриялық полиция терроризмге қарсы ауқымды операция жүргізуде» делінген хабарламада.

Қазақстанның Австриядағы елшілігінің алдын ала ақпаратына сәйкес, қаза тапқандар мен жарақаттанғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Кеше түнде Венадағы лаңкестік шабуыл кезінде бірнеше адам қайтыс болды.