Оқушылар неше күн демалады?
Оқушылар неше күн демалады?
261
оқылды

Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылындағы демалыс уақытын жариялады.

Биылғы жылы 1-сыныптар – 33 оқу апта оқыса, 2-11 (12)- сыныпта – 34 апта оқиды. Күзгі демалыс 28 қазаннан 3 қарашаны қосқанда 7 күнге созылады. Ал қысқы демалыс – 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін 10 күн.

Оған қоса, 1 сынып оқушыларына 3-9 ақпанда қосымша 7 күн демалыс беріледі. Көктемде 21 наурыздан 2 сәуірге дейін 13 күн демалады. Сөйтіп, биыл оқушылар барлығы 37 күн демалады.