Қарашада күн райы қандай болады?
Қарашада күн райы қандай болады?
5,317
оқылды

Синоптиктер 2019 жылдың қараша айына ауа райы болжамын жария етті,– деп хабарлайды Қазгидромет.

«Қараша айында циклондар мен антициклондардың жиі ауысатындықтан ауа температурасы республика аумағының басым бөлігінде климаттық норма шамасында болады деп күтіледі, тек Азия аймағынан келетін оңтүстік-батыс ағындарымен Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде 1°С-қа жылы болады деп болжануда», делінген хабарламада.

Синоптиктердің айтуынша, атмосфералық ағындардың өтуі құбылмалы ауа райын тудырады, ол жауын-шашын, желдің күшеюі (солтүстікте боран), тұман және көктайғақ құбылыстарымен қатар жүреді. Қараша айының ішінде әр онкүндікте 3 рет қатарынан күн суытады деп болжанып отыр.

«Бірінші онкүндікте суықтың алғашқы толқыны бүкіл Қазақстанды қамтиды. Онкүндіктің басында батыста, кезеңнің ортасына қарай солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнгі уақытта температура 5…10, кей жерлерде 13 грдусқа дейін суытып, күндіз 0…5 аяз, кей жерлерде 5 жылыға дейін, еліміздік оңтүстік бөлігінде – түнде 0…5, кей жерлерде 10 аяз, күндіз плюс 3...8-ге дейін салқындайды. Содан кейін солтүстікте, орталықта және шығыста ауа температурасы түнде 0...5 аяз, кей жерлерде 3 жылы, күндіз 3...8 жылы болады деп күтілуде. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы түнде 0...5-ке, кей жерлерде плюс 8 дейін, күндіз 8...13-ке дейін көтеріледі. Онкүндік соңында республика аумағына кезекті антициклон әсер етеді және температура қайтадан төмендейді»,–делінген хабарламада. Екінші және үшінші онкүндіктерде температураның барынша төмендеуі күтіледі, бұл кезде солтүстік облыстарды толығымен қар басып қалады.