Вирустан емделудің жолдарын айтты
Вирустан емделудің жолдарын айтты
248
оқылды

Белгілі дәрігер, «Nur Otan» партиясының мүшесі Ғалымжан Елеуов Ақтөбе облысы тұрғындарымен онлайн режимде кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар көбіне коронавирус инфекциясының салдары мен аурудан емделу жолдарын сұрады. Ғалымжан Елеуов өз кезегінде «Дәру» оңалту орталығының жұмысы туралы да баяндап берді.

Дәрігердің айтуынша, 2 шілдеден бастап «Дәру клиникасы» оңалту меди­циналық орталығының жанынан вирус­тық пневмониямен ауыратын науқа­с­тарды емдеу үшін 174 орындық прови­зор­лық госпиталь ашылған. 6 адамға дейін ауыр науқастар реанимациялық бөлімнен ем алды. Нәтижесінде, ауру­ха­надан 725 науқас емделген. Қатысушылардың бірі коронавирус инфекциясынан кейін  науқастар ден­сау­лығын қалай оңалту керек екенін жә­не аурудың келесі толқынына ау­ру­ха­наның дайындығын сұрады. Ғалым­жан Елеуов инфекция ор­га­низмнің бар­лық жүйесіне әсер ететін, көп­теген ас­қынуды тудыратын күрделі ауру екенін айт­ты. Сондықтан тұрғын­дар­ға қалпына кел­тіру емі мен ме­ди­ци­налық оңалтудың ке­шенді курсынан өтуге кеңес берді. «Дәру» орталығынан ұсы­нылатын оңал­ту­дың түрлерін атады. Аурудың келесі тол­қынына дайын болу үшін орталыққа  қа­жетті дәрілік пре­па­раттар мен қор­ға­ныс құралдары жет­кі­лікті түрде алын­ға­нын тілге тиек етті. Содан соң дәрігер сұрақтарға жауап бере отырып, «Дәру жарығы» офталь­мо­логиялық орталығында басқа медици­на­лық кәсіпорындардан айырмашы­лы­ғын түсіндірді және жаңалықтарымен бөлісті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта ба­лалар мен ересектерге жоғары ма­мандандырылған нефрологиялық көмек көрсету үшін DARU NEFROS нефро­ло­гиялық орталығының құрылысы жүр­гізілуде. Орталықта созылмалы бүйрек жет­кіліксіздігі бар науқастар емделеді. Ол жапондық Nipro компаниясының соң­ғы үлгідегі құрал-жабдықтарымен жаб­дықталады. Айта кету керек, Елбасы Ғалымжан Елеуовке Нұр-Cұлтан қаласында ме­дициналық оңалту және қалпына келтіру емі бойынша мамандандырылған көмек көрсету үшін DARU Ұлттық ғылыми оңалту орталығын салуды тапсырды.

А.ЖАСАНҰЛЫ