Жастарды жұмыспен қамту мәселесі қозғалды
Жастарды жұмыспен қамту мәселесі қозғалды
323
оқылды

Шымкентте «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының ұйытқы болуы­мен «Жастарды жұмыспен қамтудағы өзекті сауалдар» тақыры­бында іс-шара өтті. Жиынға партия жанынан құрылған саяси кеңес мүшелері мен студент жастар қатысып, өз ойын ортаға салды.

Расында, бүгінде жоғары оқу орнын бі­тіріп, қолына дипломын ұстаған жастар арасында жұмыссыз қалып қойып жатқандары аз емес. Өкінішке қарай, сан ай­тылса да көптеген мекеме кешегі сту­денттен гөрі тәжірибелі маманды жұ­мыс­қа алғанды жөн көреді. Мұның салдары шаһардағы жастар арасындағы жұмыс­сыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етіп отырғаны анық. Бүгінгі жиында жас­тар мәселенің осы жағын алға тартты. Бірақ бұл мәселемен күресте мемле­кетіміз қол қусырып қарап отыр деуге келмейді. Қазір қолға алынған «Жастар прак­тикасы» бағдарламасы білім оша­ғынан түлеп ұшқан жастарға демеу бо­лып, біліктілік арттырып, тәжірибе жи­науға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Яғни, бағдарлама аясында белгілі бір мекемеге  барған жас маман сонда шың­далып, жұ­мысқа орналасуына болады. Сая­си кеңес мү­шелері жиын соңында «Жас­тар прак­ти­касы» бағдарламасының тиім­ділігін тіл­ге тиек етіп, жастар ара­сын­­дағы жұ­мыс­сыздықты жоюдың басқа да жол­да­рын қарастыру қажет екенін баса айтты.

Әбілмансұр ЖАСАН