Елорданың дамуы сараланды

Елорданың дамуы сараланды

Nur Otan партиясы депу­тат­тық фракциясының және мәслихаттың тұрақты ко­мис­сия­сының бірлескен оты­рысы өтіп, онда депутаттар елорданың 2016-2020 жыл­дар­ға арналған даму бағдар­ла­масының іске асырылу барысын талқылады. Жиынға Nur Otan партиясы қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Ка­налимов, Нұр-Сұлтан қа­ласы мәслихатының хат­шы­сы Жанат Нұрпейісов, Нұр-Сұлтан қаласының стра­те­гиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Манқараев, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова және т.б. қатысты.

Қаланың Стратегиялық және бюд­жеттік жоспарлау басқармасының де­рек­тері бойынша, Нұр-Сұлтан қа­ла­сын дамыту бағдарламасында индикаторлардың саны 121-ден 54-ке дейін азайған. Оның 40-ы бағдарламаға енгізу үшін міндетті индикаторлардың базалық тізбесіне кіреді. Қалған 14-ін министрлік ұсынып отыр. Атап айт­қанда, аумақты дамыту бағ­дар­ла­масын жетілдіру мақсатында 90 индикатор алы­нып тасталынып, мақсатты көр­­­сет­кіштерді қайта қарау және оңтай­лан­дыру тапсырылды. Сондай-ақ қо­сымша 23 индикатор, оның ішінде жаңа Базалық тізбенің көрсеткіштері енгізілді.

– 10 индикатор түзетілді. Мысалы, жан басына шаққандағы жалпы өңір­лік өнім. Егер 2019 жылы ол жан ба­сы­на шаққанда 6 428,8 мың теңгені құра­са, 2020 жылы 6 694,3 мың тең­гені құра­ды. Есеп республикалық мак­роэ­кономикалық параметрлерді және қала әкімдігінің қаулысымен бекітілген 2020-2024 жылдарға арналған Әлеу­меттік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жүргізілді, – деп нақты­ла­ды басқарма басшысы Қайсар Ман­қараев.

Бұған сондай-ақ жергілікті бюд­жет­ке салықтық және салықтық емес тү­сімдердің өсу қарқыны, ЖӨӨ-дегі ша­ғын және орта бизнестің үлесі, не­гізгі капиталға инвестициялар және бас­қалар кірді.

Денсаулық сақтау саласындағы даму индикаторлары туралы айтқан Астана қаласы мәслихатының депу­таты Мәжит Шайдаров Қоғамдық ден­саулық сақтау басқармасы жүргізетін реформаларды сынға алды. Ол әсіресе №3 Перинаталдық орталық пен Дер­матология және жыныстық жолмен бері­летін аурулардың алдын алу орта­лы­ғының бірігуі осы аурулармен сыр­қат­танудың санын арттыруы мүмкін екенін жеткізді.

Алайда Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова бұл процесс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ми­нистрлігінің нормативтеріне сәйкес көпбейінді аурухана құру үшін ғана жүр­г­ізі­летінін түсіндірді. Жалпы, ден­сау­лық сақтау саласында 2016-2020 жыл­дарға арналған аумақты дамыту жос­пары 9 нысаналы индикатор мен 16 іс-шараға қол жеткізуді көздеп отыр­ғаны белгілі болды.

Жиын барысында сәулет, қала құры­лысы және жер қатынастары, жұ­мыспен қамту және әлеуметтік қор­ғау, құрылыс және тұрғын үй сая­саты сияқты басқармалар да даму ин­дикаторларын ұсынды. Сондай-ақ кейбір атқарушы органдарының жұ­мыс қорытындылары бойынша нақ­ты ұсыныстар жасалып, елорданы да­мытудың негізгі бағыттарының орын­далмау себептеріне талдау жүргізу және олар­ды шешу жолдары тапсырылды.


Әбілмансұр ЖАСАН