Ирак және Левант лаңкестік ұйымы 3 қарашада Венада болған террористік шабуылды мойнына алды, – жеп жазады 24.kz.
Ұйым жетекшілері осындай мәлімдеме жасады. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, терактіде мерт болған лаңкес Австрия мен Солтүстік Македония азаматы болып шықты.
Бұған дейін ол террористік ұйымдардың іс-әрекетіне қатысқаны үшін сотталып, кейін мерзімінен бұрын шартты түрде босатылыпты.
Еске сала кетейік, Австрия астанасында болған лаңкестік шабуылдан 4 адам қаза тапты. Елде 3 күндік аза тұту күні жарияланды.