MIRAS Маңғыстаудың мәселесін талқылады
MIRAS Маңғыстаудың мәселесін талқылады
241
оқылды

Жиынға қоғамдық кеңес төрағасы, кеңес мүшелері, Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив  басқармасының басшысы, Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының өкілдері қатысты.

   width= Күн тәртібінде Маңғыстау облысы бойынша  тарихи-мәдени ескерткіштердің бүгінгі жай-күйі туралы және Miras қоғамдық кеңесінің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын қорытындылап, 2021 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы талқыланды. – Маңғыстау облысы бойынша қазіргі таңда 590 тарих және мәдениет ескерткіші мемлекеттік тізімге енгізілген. Олардың техникалық жағдайлары тексеріліп, облыстық бюджет есебінен қаржы қарастырылуына байланысты жылына 1-2 ескерткішке қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Биыл республикалық маңызы бар Қамысбай қорымы және Шопан ата жерасты мешітінің техникалық жағдайларына мониторинг жүргізіліп, ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі жайында Министрлікке ұсыныс жасалып, нәтижесінде, республикалық бюджеттен қаржы қарастырылып, жекелеген объектілер қалпына келтірілді. Сонымен қатар, биыл Бекет-атаның 270-жылдығына орай Оғыланды жеріндегі Бекет-атаның мешітіне техникалық жай-күйін сақтап тұру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу туралы уәкілетті орган министрлікке ұсыныс беріліп, республикалық бюджет есебінен ескерткішке бекіту, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, облыстық бюджет есебінен өткен жылы Айымбет-Қайдауыл және Жолжан қорымдарына ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілді. Биыл Форт-Шевченко қаласындағы «Мұрын жыраудың тұрған үйі» ескерткішін қазіргі заманға сай пайдалануын қамтамасыз ету үшін реставрациялау-бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Маңғыстау ауданында орналасқан «Қызылқала қалашығы, Ақмыш сайы» тарих және мәдениет ескерткішін туристік бағытта пайдалануға беру бойынша ескерткішті пайдалануға берудің талаптары мен міндеттері айқындалып, облыстық инвестициялар және туризмді дамыту басқармасымен бірлесіп жүзеге асыру жоспарланды, - деді Маңғыстау облысының мемлекеттік тарихи – мәдени қорығының директоры  Н.Кулбаев Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Маңғыстау  облыстық  филиалы  жанындағы  Miras қоғамдық кеңесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылап  бекітті.